Құрметті  ата- аналар!!!

Балалардың алғашқы әлеуметтік институты ол – балабақша! Сіздер қаншалықты балаларыңыздың келешекте тәрбиелі, білімді ұрпақ болғанын қаласаңыздар, сол ұрпақтың тәрбиесінің негізін қалаушы әлеуметтік институттың тізгіні тәрбиешіде екендігін ұмытпағаныңыз жөн. Әкімшілік тарапынан біз де әр топта мейірімді, білімді, жоғары білікті педагог болғанын Сіздерден кем қаламаймыз.

Сіздердің балабақшадағы оқыту мен  тәрбиелеу процесіне жоғары талаппен қарайтындарыңыз бізді әрине қуантады, бірақ сонымен қатар кейінгі уақытта орын алып жүрген кейбір келеңсіз жағдайлар біздің жұмысқа кері әсерін тигізуде және ортақ мақсатымызға жетуге үлкен қиындықтар тудыруда.

Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мен  ата-аналар чатындағы тәрбиешілер тарапына айтылатын негізсіз алып- қашпа сөздер тәрбиешілердің психо-эмоционалдық жағдайына, жұмыс атқару қабілетінің төмендеуіне, педагогтардың жиі ауысуына әкеліп соғады. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін сенімсіздік пен қысым тәрбиешінің өзіне деген сенімсіздігі мен өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізіп, педагог ретінде шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік бермейді. Педагог- психолог ретінде бақылағаным, егер де әр ата-ана тәрбиешіге түсіністікпен, мейіріммен қараса, тәрбиешіде адами тұрғыдағы қарым-қатынастан қанаттанып, екі есе жігерленіп, өз ісіне шабыттанып кіріседі. Таңертең баланы табыстағанда айтылған бір ауыз жылы сөз, бір күнгі өз балаңыздың тәрбиесін оң ықпалын тигізеді.

Алайда, Сіздердің тараптарыңыздан түскен әр мәлімет толық қарастырылып, анықталады және педагогикалық тұрғыдан шешімі қабылданады.  

Осыған орай,  балабақша өміріне  қатысты ұсыныстарыңыз бен шағымдарыңызды ең алдымен балабақша әкімшілігіне негізделген түрде хабарлауыңызды сұраймыз.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, балалардың жарқын болашағы үшін балабақша ұжымы ата-аналарымен қауымдастықта  позитивті жұмыстар атқаруға мүдделі екенін хабарлаймыз.

Игі тілекпен: Балабақша меңгерушісі Махамбетова Мейрамгүл Ихласовна