Қосымша дамыту жұмысынан қортынды жүргізіліп, мониторинг өткізілді

№ 86 «Зияткер» балабақшасында 2021 жылдың 29 қарашасы күні жоспарға сәйкес бір айлық қосымша дамыту жұмысынан қортынды жүргізіліп, мониторинг өткізілді. Атап айтқанда әр топ жас ерекшелігі бойынша әнұран, хатха-йога, артикуляциялық, көз және тыныс алу, қолдың ұсақ моторикасы дамытуға арналған жаттығуларынан құралған дамытушы жұмыстар айлық «Диірмен» тақырыбына бағытталып жасалды. Ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту мақсатында заманауи әдіс тәсілдермен  әрлендіріп қосымша дамыту жұмыстары жаңаша әдіс тәсілмен жүргізілді.

 Мониторинг нәтижесінде:

 «Айгөлек» кіші тобы;

 «Бәйтерек»  ортаңғы тобы;

 «Балбөбек» ересек тобы;

 «Балдырған» мектепалды даярлық топтары нәтижелі жұмыстарын көрсетіп, балабақшаішілік марапатқа ұсынылды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...