4 Пікірлер саны “Бейнежазбалар қоры (Қайырова Нургуль Куанышевна)”

  1. Менің балам Мағжан Дарабоз тобына барады, Алла қаласа даярлықты тәмамдап, мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Тәрбиешіміз Нұргүл Қуанышқызына ризалығымды білдіргім келеді. Керемет маман, өз жұмысының шебері. Балам өзінің тәрбиешісін жақсы көреді және берген тапсырмаларына тиянақты, жинақы қарайды. Өткізген іс-шаралары өте қызықты, әрбір ата-анамен ылғи да байланыста. Нұргүл апайымызды адамгершілігі мол, қарапайым, тәрбиелі адам ретінде көреміз. Сіз тәрбиелеген балалар жақсы адамдар болып өсетіндеріне сенімім мол. Шығармашылық шыңдарынан көрініп, жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз. Рахмет.

  2. Биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтын болғандықтан, Зияткер балалар бақшасының Дарабөз бөлимшесінің тәрбиешісі Қайырова Нургүл Қуанышқызына айтар алғысым шексиз!
    Әл балаға ойын ойнатып, ертегилер айтып, жаттығулар жасатып, сиқырлы балалар әлемине айналдырып, өз анасындай болдыныз. Ол деген өзініздің өте жоғарғы денгейдеги білімді маман екеніңіздің, сәбилерге деген ыстық лебізіңіздің арқасында деп білемін! Сіздің шеберлігіңіздін арқасында әр мерекеге арналған қойылымдар, ән мен билер естен кетпестей әсер қалдырды. Қызымның ән айтып, би билеп, есеп шығарып, әріп танып, сурет салуы сіздің қажырлы еңбегіздін арқасында деп білемін. Сәбилерге дешен ыстық мейіріңізбен, шынайы еңбегіңізге шын журектен алғысымды білдіре отыра, қызымның дәл сіздей өз ісінің шебері, мейірімді, сана сезіміөте жоғары тәрбиешиге кездескеніне ризашылымдығы білдіріп рахметымды айтамын! Сіздей тәрбиеші мамандар көбірек болса, ұрпақтарымыздың болашағына сенімді болар едік

  3. Мен, Жұлдыз Жамбылқызы ата-ана ретінде «Дарабоз» тобының тәрбиешісі Нұргүл Қуанышқызына ерекше шын пейілмен алғысымды білдіргім келеді. “Адамды тәрбиелеу-демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу” демекші, біз сіздің енбек ерлігіңізге, кәсіби шеберлігіңізге, ұстаздық талантыңызға тәнтіміз.

    Нұргүл Қуанышқызын нағыз өз маманының шебері деп нақты айта аламын. Себебі, мейірімге толы ашық – жарқын мінезімен бала жанын терең ұғына білетін, талапшыл, еңбекқор, кішіпейіл, әділ, қарапайым, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орната білетін, шаршағанын білдіртпей күш табатын, әрқашанда позитивті көтеріңкі көңіл күй сыйлатын ерекше қасиетке ие жан. Әрбір мерекелік іс-шараларда креативті идеяларымен жан-жақты ізденіп, балаларымызды шабыттандырып, қызығушылықтарын оятып, жанын салып, жауапкершілікпен дайындайды. Ашық сабақтары әрдайым ата-аналардың көңілінен шығып, өте жоғарғы деңгейде өтіледі. Педагогикалық этика мен эстетиканы бірінші кезекте сақтап жүреді.

    Балаларымыздың осындай білімді де, білікті, ақкөңіл, жаны жайсаң, шыншыл, нұрлы бейнеңізден жылулық төгіліп тұратын, сіздей тәрбиешінің болғанына қуанамыз. Білімнің шуағын шашып, шәкірт тәрбилеудегі жауапкершілігі мол кәсіпте сізге зор денсаулық, сәттілік, толағай табыс тілейміз!

  4. Зияткер балабақшасының ұжымына ризамын, біздің тобымыздың апайы Нұргүл Қуанышқызына алғғс білдіремін, балаларымызды оқытып, үйретіп жақсы тәрбие беруде! Алла разы болсын

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...