Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру – Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты осы. Және бұл халықтың көкейінде көптен бері жүрген мәселе еді. Демократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін әрине алдымен Ата заңға өзгерістер енгізу қажет. Осы ретте Президенттің тапсырмасымен құрамына белгілі заңгерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар енген арнайы жұмыс тобы құрылып, конституциялық өзгерістердің жобасы әзірленді.
Балабақша меңгерушісі ұжыммен бірлесіп, референдум маңыздылығын талқыға салып, түрлі сұрақтарға жауап алынды. Меңгеруші референдумға міндетті түрде қатысуын сұрады. Себебі. референдум біздің болашағымызды жарқын етуге септігін тигізеді. Ұжым бір ауыздан қолдаймыз, референдумға қатысамыз деді!