Жеке гигиена сақтау – әдептілік қана емес, бұл әдетте кір қолдардан басталатын көптеген сырқаттардың алдын алу болып табылады.
Кішкентай бала негізінен күні бойы балабақшада болатындықтан тәрбиешілер, медицина қызметкері балаларды гигиена және қолдарды дұрыс жуу ережелеріне баулиды. Десек те, бастапқы гигиеналық дағдылар алдымен отбасында қалыптасады, ұжым ішінде бұл дағдылар барынша табысты әрі жеңіл бекітіледі. Сол себептен тақырыптық ойындар өткізіледі, балалардың назары ас ішер алдында, ас ішкен соң, сабақтардан, серуеннен кейін қолдарын жууды дағдыға айналдыру мәселесіне үнемі аударылады. Қол жуу туралы әсем безендірілген жадынамалар қол жуғыштардың жанына ілінеді.