15-19 сәуір аралығында барлық 12 топта ата-аналар жиналысы болып өтті.

Жиналыстың негізгі мақсаты:

  1. 2022- 2023 оқу жылының жасалынған іс – жоспарларды қорытындылау;
  2. Ата – аналар комитеті атқарған жұмыстар;
  3. Балалабақша тәрбиешісінің “Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті” тақырыбындағы түсіндірме жұмысы және баяндамасы оқылды.
  4. Әр түрлі мәселелер, балалардың ерекшелігі, тамақ ақысын уақытылы төлеу, балабақша ережесін бұзбау.

Жоғары аталған мәселелер бойынша ата-аналар бір ауыздан келісіп, өз ойларын ашық айтты. Алдағы оқу жылында бірлесіп жұмыс жасау, тәртіпті сақтау, сыбайластыққа жол бермеу жөніндегі мағлұматтарға қанық болды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...