11-ші наурыз күні балабақша педагогтары мен психологиялық тренинг болып өтті.

Тренингті жүргізуші балабақша педагог-психологы Исина Алтынай Кайроллаевна.

Тақырыбы: «Тиімді педагогикалық қарым-қатынас»
Мақсаты:
Тренинг кезінде адам өзін және өзгелерді жақынырақ танып, әртүрлі қырлардан байқап, өзі және өзгелері жайлы жаңа көз қарастар ашады. Бұл ойындар басқа адамдармен эффективті қарым – қатынас жасауға көмектеседі. Адамның ашылмаған қырларын біліп, әріптесінің жақсы қасиеттерін тануға, өмірде қажеті құнды қасиеттерді бағалай білуді дамыту.
Тренинг үшін басты әрекет – ойын болып табылады. Тәрбиешілерге түрлі жаттығулар қатты ұнады, үлкен әсер қалдырды.

Атап айтсақ: жаттығулар«Көңіл-күй көтеретін сөздер»,

«Комплименттер»,

«Сөздің адамға беретін әсерін, құдіретін!»,

 «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста»,

 «Әлеуметтік рөлдер»,

«Күлкі жемісі» тапсырмаларын белсенді орындады. Өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, жағымды көңіл-күй көтеріп, керемет әсерлерімен бөлісе білді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...