Осы «Наурызға шашу» отбасылық сурет салу байқауы
Мерекелік – іс шараның өтуіне біздің де №86 балабақша ұжымы белсенді қатысты.
Байқау -көрме мақсаты – Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту, балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту, әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату; балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:
- ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту;
- баланың жеке мүмкіндіктерін дамыту;
- білім беру процесініңқатысушылары болуы;
Осы мерекелік іс-шараға қаланың көптеген балабақшалары бүлдіршіндерімен отбасылары қатысты.
Музыка жетекшілері ән шашу жасап, бүлдіршіндеріміз наурыз туралы көркем сөз, тақпақ, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.
Көрменің қортындысына қаланың балабақшаларының жеңімпаздары отбасы мен әже, апаларымен бірге келді. Жеңімпаздарды Білімді жаңғырту орталығының білікті әдіскерлері Боранбаева Майра Сарсенхановна, әдіскер Смайыл Сандуғаш Серікболқызы, №2 Өнер мектебінің ұстаздары марапаттады.
Біздің №86 балабақшадан бүлдіршін Аязбай Айя«Наурыз-Думан» атты отбасымен бірге салған суреті үшін ІІ орын иеленді.
Білім жаңғырту орталығының марапатауда берген сыйлықтарын алып қуанып қалды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар көп ұйымдастырылып тұрса.