01.04.2022ж. № 86 Зияткер балабақшасының К – 3 корпусында «Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас: балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттары» атты тәжірибе алмасу қалалық семинары өтті.

Мақсаты: Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас арқылы балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттарын қолдану аясын көрсете отырып педагогтермен іс-тәжірибе бөлісу


Күтілетін нәтиже: Мектепте оқуға балалардың интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығы қалыптасқан, мектеп жағдайына табысты бейімделген,білім алуға қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру. Баланың бойында ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту.

Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері және әдіскерлері

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...