17 Наурыз күні Жыл басы – Наурыз мерекесіне арналған Нұр-Сұлтан қаласының балабақша тәрбиеленушілерінің көркем шығармашылық байқау-көрмесін Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырды.
«Наурызға шашу» отбасылық сурет салу байқауы.
Мерекелік – іс шараның өтуіне біздің де №86 балабақша ұжымы белсенді қатысты.
Байқау -көрме мақсаты – Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту, балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту, әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату; балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:
- ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту;
- баланың жеке мүмкіндіктерін дамыту;
- білім беру процесініңқатысушылары болуы;
Осы мерекелік іс-шараға қаланың көптеген балабақшалары бүлдіршіндерімен отбасылары қатысты.
Музыка жетекшілері ән шашу жасап, бүлдіршіндеріміз наурыз туралы көркем сөз, тақпақ, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.
Көрменің қортындысына қаланың балабақшаларының жеңімпаздары отбасы мен әже, апаларымен бірге келді. Жеңімпаздарды Білімді жаңғырту орталығының білікті әдіскерлері Боранбаева Майра Сарсенхановна, әдіскер Смайыл Сандуғаш Серікболқызы, №2 Өнер мектебінің ұстаздары марапаттады.
Біздің №86 балабақшадан бүлдіршін Аязбай Айя«Наурыз-Думан» атты отбасымен бірге салған суреті үшін ІІ орын иеленді.
Білім жаңғырту орталығының марапатауда берген сыйлықтарын алып қуанып қалды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар көп ұйымдастырылып тұрса.





01.04.2022ж. № 86 Зияткер балабақшасының К – 3 корпусында «Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас: балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттары» атты тәжірибе алмасу қалалық семинары өтті.
Мақсаты: Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас арқылы балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттарын қолдану аясын көрсете отырып педагогтермен іс-тәжірибе бөлісу
Күтілетін нәтиже: Мектепте оқуға балалардың интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығы қалыптасқан, мектеп жағдайына табысты бейімделген,білім алуға қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру.
Баланың бойында ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту.
Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері және әдіскерлері.









Обучение и образование за рубежом – https://friendlyeducation.ru
Создание сайтов Волгоград – https://stalingradpictures.ru
№ 86 Зияткер балабақшасында «Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас: балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттары» атты қалалық семинарына қатысып , семинарға келген педагогтармен бірге іс-тәжірибе алмастық.Семинар барысында алғашқы сөзді балабақша меңгерушісі Алмагул Жеткергеновна нормативтік –құқықтық актілерден бастап, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін ашық түсіндіріп өтті. Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет – қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек, деген ұстанымды қолдайтын педагогтар семинар барысында, Мектепке дейінгі тәрбиемен педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда, жаңашыл әдіс – тәсілдерін практика түрінде, де көрсете білді. Өткізілген семинарда балабақша педагогтары жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыта білді. Балабақша тәрбиешілері мен педагогтарының жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан – жақты, білімді дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеудегі жұмыстарын балабақшаның күнделікті үрдісте екенін көрсете түсті. Осындай керемет жұмыстарымен тәжірбие алмасып көрсете білген, № 86 «Зияткер» балабақшасы ұжымына үлкен алғыс айтамын!
№ 86 Зияткер балабақшасының «Тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа көзқарас: балабақшаны дамытудың бағыттары мен қағидаттары» атты тәжірибе алмасу қалалық семинары өте жоғарғы деңгейде өтті. Еркін пікір мен салиқалы диалогқа құрылған бұл семинар бәрінің көңілінен шықты деп толығымен айта аламын. Семинар барысында тренингтер ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріліп, аудиториямен тығыз байланыс орнатылды. Мемлекеттік тілде өткізілген семинарда зейініміз ашылып, қанжығамызға көптеген ақпараттар алып, жұмысымызға жаңа серпімді күш, идеялар, халықпен әрі бүлдіршіндермен жұмыс жүргізуде жаңаша әдіс-тәсілдерді (технологияларды) қолдану, ұлттық этикет, іскери этикетті білу, сөйлеу энергетикасын игере алдық. Шын көңілмен балабақша басшысына, әрі ондағы ұжым мүшелеріне шығармашылық табыс, толағай жетістіктерді тілеймін. Аспанымыз ашық болып, бала үні, бақытты күлкісі қашанда сыңғырлап, туымыз желбіреп тұра берсін деп пікір тілек қалдыруды жөн көрдім.