«Бала – болашағымыз».
Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті
Балабақшамыздың І-ІІ-ІІІ объектілерінде 12-16 тамыз аралығы жаңадан ашылған топтарға «Қазақстанның ұлттық басымдылығы: балалар және білім » тақырыбында Ата – аналар жиналысы өткізілді.
Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті.
Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала.
Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Жиналыста балабақшамыз жайлы ақпарат айтылып, таныстыру-түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері, қосымша дамыту жұмыстары жайлы ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, қосымша дамыту жұмыстарынан балабақшамыздағы тәрбиенушілер балабақшада не үйренгендерін көрсетті. Айта кетсек, «Айгөлек»ортаңғы тобы және «Дана» ересек тобы «Хатка Йога жаттығуын, «Шабыт» ортаңғы тобы және «Ұлағат» ересек тобы Артикуляциялық жаттығуын, «Бәйтерек» ересек тобы және «Мейірім» мектепалды даярлық тобы Әнұран орындап, апталық тақпақ орындады. «Аққу» мектепалды даярлық тобы «Игі істер күнін», тыныс алу жаттығуларын, «Балапан»мектапалды даярлық тобы және «Әділет» мектепалды даярлық тобы Атамекен әнін орындап, «Балбөбек» мектепалды даярлық тобы STEM жаттығуын көрсетіп шықты.
Сондай- ақ ата-аналарымызға жаңадан қабылданған Әдістемелік нұсқаулық таныстырылды.
Меңгерушімізге А.Ж.Нуркабыловаға ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап ала алды.
Есепші Б.Е.Жубанбаева балабақшаның төлемі қалай жүргізілетінін ата-аналарға түсіндірді.
Шаруашылық меңгерушісі Г.Ш.Дюсимбикова балабақшадағы сақтық шараларын, бейнебақылау жайлы түсіндіріп өтті.
Балабақша медбикесі бала паспорты жайлы, прививка жайлы айта кетті.
Сондай-ақ, ата-аналарға ас мәзірі жайлы таныстырылып, айтылып өтілді.
Ата-ананың балаға беруі тиіс ең басты дүниесі – махаббат пен мейірім. Ал, адам өміріндегі ең қымбат дүниелер тегін тұрады. Ол – махаббат, құшақтау, сүю, көңіл бөлу.