Құрметті қазақстандықтар, бүгінгі Білім күні мерекесі құтты болсын!
Құбылмалы әлемде педагогтен талап етілетін нәрсе ол үнемі білімін жетілдіріп дамуы, үнемі ізденісте болуы. Балабақшадағы тәрбие “ Мен айтқандай” емес, “Мен сияқты істе” тұрғысынан берілуі керек қағидаты берік ұсталады! Биылғы оқу жылы жағымды жаңалықтарға толы , келелі өзгерістерге бет бұрып басталғалы отыр. Әрбір бала –ол өзіндік пікірі бар саналы азамат, және оған қоса өзінің қоршаған орта жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы бар белсенді дербес тұлға. Осыған орай қазіргі заман сұранысына сай педагог қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Әрине әрбір еңбек бағалануы тиіс дейтін босақ, педагогтың жалақысы да басты мәселе боп қала бермек, дегенмен де «Жақсы ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау ( Руссо) дегендей, әрбір ұстаз жан-жүрегімен, өзінің болмысымен мамандығын сүйе білсе, өз жұмысынан рухани азық алады. Нағыз ұстаз сананы тұрмысқа билетпей, өз шәкіртінің жемісін көруге асығады.