ҚҰРМЕТТІ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНЫ!

Астана қаласының әкімдігі өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде алу үшін келесі сервистерді ұсынады:

  1. Веб-сервис: https://sailau.astana.kz/
  2. Telegramдағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
  3. iKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Маңызды! Азаматтың нақты бір дауыс беру учаскесінде сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне қосылуы үшін тұрған жері бойынша осы сайлау учаскесінің аумағында тіркелгендігі негізге алынады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталының «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімі бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатыса отырып, конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз.

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Captcha loading...